• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жастар Бүгін, 12:20

«Білім, бизнес және мемлекет - тұрақты болашақ үшін» форумында ұрпақ тәрбиесі талқыланды

20 рет
көрсетілді

Тұрақты даму мақсаттары (SDG) мен ESG қағидаттарын жоғары білім беру жүйесіне, корпоративтік басқаруға және қалалық даму стратегиясына енгізудің жолдарын талқылауға арналған сараптамалық іс-шараға еліміздің 20-дан астам жоғары оқу орындарының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, жас зерттеушілер қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Білім, тұрақты даму және урбанистика бойынша үш негізгі бағытты қамтыған форумда AlmaU ректоры Асылбек Қожахметов тұрақты даму уақытша үрдіс емес, университеттер миссиясына терең енгізілген қағида екенін атап өтті. Айтуынша, тұрақты даму – жоғары оқу орындары үшін құнды бағдар. Кәсіпкерлік университтің миссиясына енгізілген негізгі қағида, яғни экономиканың және қоғамның дамуына нақты әсер ету, Impact жасаумен тығыз байланысты. Нағыз трансформация тек академия, мемлекет және жеке сектор біртұтас күш болып әрекет еткенде ғана іске асады. Енді жаңа Орталық Азияны – креативті, этикалық және тұрақты көшбасшылықтың эпицентріне айналдыратын әрі қалыптастыратын уақыт келді.

БҰҰ-ның Ғаламдық коммуникациялар департаментінің өкілі және БҰҰ-ның Қазақстандағы ақпараттық бюросының басшысы Властимил Самек осы орайда декларациялардан нақты іс-қимылдарға көшу маңызды екенін атап өтіп, «Тұрақты өмір сүру – бұл сәнге айналатын нәрсе емес, бұл – өмір сүру салты болуы керек. Біз 2030 жылға дейінгі ТДМ (Тұрақты даму мақсаттары) траекториясынан сәл қалып келеміз, бірақ Қазақстан импакт бағытын дамытып, халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтылыс танытып отыр» деді.

Форум қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының Алматы қаласындағы өкілі Зоя Касенова қаланың экологиялық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші ретіндегі рөліне тоқталды. Оның айтуынша, Алматы тұрақты даму, экологиялық ойлау және жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудағы стратегиялық күн тәртібінің орталығына айналып келеді. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басты міндеті – экологиялық көліктен бастап, бүгінгі форум секілді жобаларға қатысу арқылы тұрақты дамуға қолайлы жағдай жасау.

Ш.Уәлиханов атындағы мектептің негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетованың айтуынша, тұрақты ойлауды бала кезден қалыптастыру қажет. Айтуынша, бұл мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған воркшоптар өткізіліп, онда балаларға ресурстарды үнемдеу мен табиғатты қорғаудың маңызы түсіндірледі. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, экологияға қатысты мектепішілік шаралардың жиі өтіп тұруы маңызды.

 «Тұрақты даму енді абстрактілі ұғым емес – бұл нақты әрекеттер мен өлшенетін нәтижелер. Біз тұрақтылықты норма деп қабылдайтын жаңа буын көшбасшыларын қалыптастырып жатырмыз» дейді SDG Alliance зерттеу және инновациялар жөніндегі директоры Вадим Цуриков. «Eco Fund» жеке қорының төрағасы Тимур Елеусізовтің айтуынша,  тұрақтылық тек декларация деңгейінде емес, нақты іс-әрекет арқылы көрінуі тиіс екенін айтты. Нақты айтқанда, 2027 жылға қарай көптеген компаниялар жаһандық экологиялық талаптарға сай келмеу себебінен нарықта өз орнын сақтап қалуда қиындықтарға тап болуы мүмкін. Нағыз тұрақтылық – бұл сыртқы қаржыландыру болмаған жағдайда да жұмыс істеуге  қабілетті болу.

AlmaU Урбанистика институтының директоры, Зарина Дәулетқан университет тәжірибесімен бөлісіп, «Урбанистика және сити-менеджмент» атты білім беру бағдарламасын дамыту, студенттердің нақты қалалық жобалармен жұмыс істеуі сияқты мысалдарды келтірді.

Форум барысында қатысушылар импакт арқылы білім беру: қоғамды өзгертетін ұрпақ қалыптастыру қажеттігіне қатысты пікір өрбітті. Білім беру институттарының тұрақты ойлау қалыптастырудағы рөлі, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған студенттік бастамалар, университеттер, бизнес, мемлекеттік құрылымдар мен зерттеу қауымдастығы арасындағы әріптестікті нығайтудағы маңызды қадамдар талқыланды. Тұрақты даму – уақытша үрдіс емес, ғылым, білім және қоғам бірігіп экологиялық, әділетті және инклюзивті әлем құратын жаңа норма екенін дәлелдеді.

АЛМАТЫ